Бүгін Конференция лигасының іріктеу кезең ойындары өтеді. Өткен аптада Люксембургте жергілікті «Дифферданж» клубынан жеңіліп, ұятқа қалған Шымкенттің «Ордабасы» клубы қарымта ойынды өз алаңында...
Бүгін Конференция лигасының іріктеу кезең ойындары өтеді. Өткен аптада Люксембургте жергілікті «Дифферданж» клубынан жеңіліп, ұятқа қалған Шымкенттің «Ордабасы» клубы қарымта ойынды өз алаңында өткізеді.
Осы ретте айта кету керек, люксембургтік команда құрамында ойнайтын ойыншылар күнделікті өмірде түрлі қызметте жұмыс істейді. Олардың арасында пошташы да бар. Шымкентке келу үшін сол футболшылар негізгі жұмыс орнынан сұранып шығыпты. Бұл туралы meta-ratings.kz сайты жазды.
Кейбір деректерге сүйенсек, «Дифферандж» клубында ең жоғарғы жалақы 2 мың еуроны құрайды екен. Ал, қазақстандық клубтар ойыншылардың жалақысын үнемі құпияда ұстайтынын жақсы білесіздер.
Қос команда арасындағы матч 1 тамызда сағат 20:00-де Шымкенттің «Қажымұқан» стадионында өтеді. Алғашқы ойын 1:0 есебімен «Дифферданж» жеңісімен аяқталған болатын.