Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды,деп хабарлайды ulysport.kz.

Грек-рим күресінен кімдер жеңімпаз атанды

Грек-рим күресінен кімдер жеңімпаз атанды

Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды,деп хабарлайды ulysport.kz.

Парижге Қазақстаннан 4 классик аттанған. Солардың арасынан 77 келіде бақ сынаған Демеу Жадыраев күміс  жүлдеге қол жеткізді. Ал, Айдос Сұлтанғали (60 келі), 87 кг Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) Олимпиаданы екінші айналымда аяқтады.

Грек рим күресінен 4 елдің балуандары жеңіс сатысынан көрінді. Жапониядан 2, Ираннан 2, Куба және Болгариядан 1 балуаннан олимпиада алтынын олжалады.

Жапонияның жампоздары Кеничиро Фумита (60 келі), Нао Кусака (77 келі) өз елдеріне алтын сыйлады. Сайд Лейвеси (67 келі) мен Мохаммод Сарави (97 келі) Иран елінің әнұранын Париж төрінде шырқатты. Семен Новиков Болгария еліне күрестен бір алтын алып берді. Куба аңызы Михаин Лопец 42 жасында бесінші мәрте Олимпиада шыңын бағындырып, тарихта қалды. 

Медаль алған елдер:

Иран  - 2 алтын, 1 күміс, 1 қола

Жапония  - 2 алтын

Куба  - 1 алтын, 2 қола

Болгария   -1  алтын

Украина  -  1 күміс, 1 қола

Қытай   - 1 күміс, 1 қола

Армения  - 1 күміс, 1 қола

Қазақстан  - 1 күміс

Чили  - 1 күміс

Қырғызстан   - 3 қола

Әзербайжан   -  1 қола

Дания  - 1 қола

Солтүстік Корея  - 1 қола.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Тегтер