5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр,деп хабарлайды ulysport.kz.

 Көшпенділер ойыны: Құсбегілер қалай дайындалып жатыр

Көшпенділер ойыны: Құсбегілер қалай дайындалып жатыр

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр,деп хабарлайды ulysport.kz.

Жігіттер қызу дайындыққа кіріскен.

Щучинск қаласында тамыздың 12-сі мен 25-сі аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынымызда 9 спортшы бүркіт, қаршыға және ителгі құстарымен жаттығып жатыр. Келесі оқу-жаттығу жиынымыз Астана қаласында, 27-ші тамыз бен 7-ші қыркүйек аралығында болады,-дейді Құсбегілік федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуған.

Ұлттық құрама мүшесі Ибрагим Базарбаев бар мүмкіндікті пайдаланатынын жеткізді. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бар білгенімізді, мүмкіншілігімізді пайдаланамыз. Еуропадан, Моңғолия, Қырғызстаннан мықты қарсыластар келеді. Олар да барын салары анық,-дейді құсбегіліктен ұлттық құрама мүшесі Ибрагим Базарбаев.

Көшпенділер ойындары аясында құсбегіліктен (саятшылықтан) болатын сайыс қыркүйектің 12-13 аралығында, этноауыл аумағында өтеді.

Айта кетейік,  Республикалық «Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Көкпар», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0