Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 15 туры аясында тағы екі матч өтті. Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» ел чемпионы «Ордабасыны» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Есепті бірінші болып...
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 15 туры аясында тағы екі матч өтті. Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» ел чемпионы «Ордабасыны» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасты.
Есепті бірінші болып шымкенттіктер ашты. Матчтың 31-минутында «Ордабасы» қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қапталдан келген допқа бірінші жетіп, Арсен Сиукаев қорғаған қақпадан саңлау тапты.
Ал, екінші тайм аяқталар тұста «Жетісу» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек айып алаңының сыртынан шірене теуіп, қақпаның тоғыздығын көздеді және мүлт кеткен жоқ, есеп – 1:1.
Мұнан кейін «Ордабасы» жеңісті жұлып алу үшін бірнеше шабуыл жасап көргенімен, мұнысынан түк шыққан жоқ.
Айта кету керек, матч барысында шымкенттік команданың екі голы есепке алынбады: алғашқысында офсайд анықталса, екіншісінде төреші ереже бұзылғанын айтты.
Ал, «Ақтөбе» болса өз алаңында «Қызылжарды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Уче Агбо гол соқса (34-минут), екінші таймда Жан Жайро дәл соққысымен көзге түсті.
Осылайша, ақтөбелік команда турнир кестесінің кестесінің екінші сатысына көтерілді, олардың еншісінде 25 ұпай. Ал, «Ордабасы» бұрынғыша көш бастап келеді, шымкенттіктерде 26 ұпай бар.