Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы басталды.
Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы басталды.
Салтанатты шарада алау эстафетасы және «цифрлық эстафета» ресми басталды деп жарияланды.
IX қысқы Азия ойындары алауының факелі тақырыбы – «Серпін», бұл қысқы Азия ойындары өміршеңдік пен құштарлыққа толы деген мағынаны білдіреді. Алаудың жалпы ұзындығы шамамен 735 мм, үстіңгі диаметрі шамамен 115 мм.
Айта кетсек, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.