Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының IIA дивизионы аясында алғашқы матчын өткізді. Бұл туралы Хоккей федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының IIA дивизионы аясында алғашқы матчын өткізді. Бұл туралы Хоккей федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Спортшыларымыз Ұлыбритания құрамасымен кездесті. Бірінші кезеңде ешбір гол соғылған жоқ. Екінші кезеңде командалар бір-бір шайба алмасып, тең нәтиже көрсетті.
Ал соңғы кезеңде қарсыластар Қазақстан қақпасына екі рет дәл соққы жасап, жеңіске жетті.
Ұлыбритания – Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
1:0 – 29:01 – Поттс (Купер, Вослински)
1:1 – 32:33 – Крухольская (Феоктистова, Куклина) артық құрамдағы гол
1:2 – 46:28 – Ньюландс (МакГрегор, Купер)
1:3 – 56:02 – Лэмбертон (Ньюландс)
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты Латвияның Рига қаласында өтуде.
Дереккөз: